Ковидке дейінгі уақыттарда көпшілігіміз кеңсемізді сүйікті бөлмемізге немесе жағажайға ауыстыруды армандайтынбыз. Енді міне өмір өз түзетулерін енгізді, енді кеңседе жұмыс істеу ерекшелікке айналды. Ал үйден жұмыс істеу оңай емес екені белгілі болды. Мұндайда қалай жұмыс істеп, мансабыңыздың құрудың сырын үйретеміз.
Жұмыс кеңістігін құрыңыз
Үйден сәтті жұмыс істеудің бірінші және ең маңызды ережесі – жақсы ұйымдастырылған жұмыс кеңістігі. Голливуд фильмдеріндегідей бұл мақсатқа тұтас кеңсе бөлуге барлығының мүмкіндігі бола бермейді, бірақ маңыздысы ол емес. Үстелді барлық қажетсіз ұсақ-түйектерден тазарту, ыңғайлы орындық және блокнот, қалам, күнтізбе сияқты қажетті пайдалы аксессуарлар және сіздің мамандығыңыз бойынша пайдалы кеңестер бар кітап болуы жеткілікті. Жақсы реттелген кеңістік сізге тезірек жұмысқа зейін салуға және бөгде дүниелерге алаңдамауға көмектеседі. Айтпақшы, дәл осы мақсатта сіздің гардеробыңызды қарастырған жөн: жайлы халатпен жұмыс істеу – әр адамның арманы, бірақ ресми киім арқылы жұмыс ырғағын сақтау оңайырақ.
Жұмысқа ерте кірісіңіз
Егер сіз фрилансер болсаңыз және жұмысты қай кезде тапсыратыныңыз өз еркіңізге берілген жағдайда, таңғы беске дейін сериал көріп, түс кезінде ояну «қаупі» бар. Жұмыс күнінің басталуын түске қалдырмаңыз: дәстүрлі таңғы астан кейін іске кіріскеніңіз дұрыс. Сіз неғұрлым тезірек бастасаңыз, тезірек аяқтайсыз. Кеңседегі соңғы сәтке дейін бәрін кейінге қалдыру әдеті адамдарға өз міндеттерін орындауды қиындатады, ал үйден жұмыс істеген жағдайда бұл тәсіл шексіз жалқаулыққа және нағыз кәсіби деградацияға әкеледі.
Тапсырмалар тізімін жасаңыз
Адам кеңседе отырғанда оған «жауынгершілік» өзінен-өзі келеді – түптеп келгенде, жұмыстан басқа айналысатын ерекше ештеңе жоқ. Үйде жұмыс істеген жағдайда, кейбір тапсырманы жіберіп алу әлдеқайда оңай, өйткені сізде бұл туралы еске салатын ешкім болмайды. Сондықтан, күннің жоспарын жасаудың алдында түнде немесе дәл таңертең өте маңызды – алдымен не істеу керек, екінші және үшінші не істеу керек дүниелер тізімі болсын. Бұл жүктемені тиімді бөлуге көмектеседі.
Демалу үшін өзіңізге үзіліс жасаңыз
Жұмыс үзілісін де күн кестесіне қосу керек. Бұл таза ауада тыныс алу үшін ғана емес (бұл табиғи нәрсе), сонымен қатар осы уақытты әлеуметтік желілерді қарауға арнау үшін де қажет. Жұмыс күні бойы осы әрекетке алаңдағанша, белгілі бір уақытта өзіңіздің арнаңызды парақтағаныңыз әлдеқайда жақсы: кеңседе әріптестер мен бастықтар сізге әлеуметтік желілерге белсенді болуға мүмкіндік бермейді.
Үй шаруасына алаңдамаңыз
Жақындарыңызға үйден жұмыс істеудің демалыс емес екенін түсіндіру өте маңызды. Сондықтан сіз барлық үй шаруаларын жасай алмайсыз, әйтпесе сіз өзіңіздің тікелей міндеттеріңізде маңызды нәрсені жіберіп алу қаупі бар. Мұны бәрі бірден түсініп, қабылдай алмайды, сондықтан олар мезгіл-мезгіл өз өтініштерімен алаңдатады («Бірақ сіз үйде жұмыс істейсіз ғой!» - дейді), Дегенмен, мұндай қысымға берілмеңіз және сіздің бөлмеңіз кеңсе деген идеяны жеткізіңіз.
Жұмыстан тыс уақытты қалай өткізуге болатынын ойлаңыз
Бір қызығы, көптеген адамдар үшін кеңсеге бару – адамдармен араласудың бір түрі. Мұндайда үйге қайтар жолда кинотеатрға кәруге немесе достармен кездесуге мүмкіндік бар. Үйде жұмыс істейтін адам мұның бәрінен айырылған, бірақ ешбір жағдайда тек кәсіби міндеттеріңізбен ғана шектелмеңіз. Алғашында жалқаулық танытсаңыз да, бос уақытыңызды өз бетінше ұйымдастыру үшін бір аптаға жоспар жасау керек: ол спортпен айналысу, телешоуларды көру, достарыңызбен сөйлесу болуы мүмкін.
Әріптестермен қарым-қатынас жасаңыз
Үйде жұмыс істеуге көшу арқылы мансаптық перспективаларыңызды толығымен жоғалтпау үшін сіз әріптестеріңізбен, тіпті қашықтан да жақын қарым-қатынаста болуға тырысуыңыз керек.
Белсенді болыңыз
Үйде жұмыс істеу ережелері көп жағдайда кеңседегі сияқты қызметте көтерілуді және мансаптық өсуді қаласаңыз, белсенді болыңыз. Қызықты жобаларды, идеяларды, даму бағыттарын ұсыныңыз, сонда сіз міндетті түрде назарға ілігесіз.
KPI жүйесін ұсыныңыз
Басшылық сізді бағалауы үшін сіз оларға сіздің жұмысыңыздың өнімділігін анықтайтын KPI жүйесін енгізуді ұсына аласыз. Біріншіден, бұл нағыз сынақ болады (бұл жүйені енгізуді өздері сұрайтындар аз), екіншіден, егер сіз шынымен тамаша маман болсаңыз, қашықтан жұмыс істегенде де өз бизнесіңізде қаншалықты жақсы екеніңізді оңай дәлелдей аласыз. Және, әрине, мұның бәрі сайып келгенде, жалақы мен лауазымды көтеруді сұрауға жақсы себеп болуы мүмкін.