Күн суыған мезгілде ерлер твид (жартылай жүн мата) материалынан тігілген пенжактар кие бастайды. Әдемі әрі жылы пенжактарды күтіп кию оңай емес. Себебі, түтіліп немесе созылып кетуі мүмкін. Сол себепті, бұндай пенжактарды күтіп кию сіздерге мынадай кеңестерді ұсынамыз.
Твид пенжактары ыстық температураға шыдамсыз келеді. Сондықтан бүл пенжакты үтіктемеген дұрыс. Егер пенакқа қыртыс түссе, жуын бөлмесіне ыстық суды қосып, бу шыққанға дейін күте тұрыңыз. Содан соң, пенжакты "булы" бөлмеге ілгішке іліп қойыңыз.
Бұл пенжак "судан қорқады". Мүмкіндік болса, жауынның астында твид пенжагымен қалмауға тырысыңыз. Дымқыл жүн мата тез қалыбын құртып алады. Тағы бір ескеретін жайт, дымқыл пенжакты шкафқа ілмеңіз. Әбден кеуіп болған соң, ілсеңіз болады.
Пенжакты әр киген сайын құрғақ және киім тазалайтын жұмсақ щеткамен тазалап сүртіп тұру керек. Қатты щеткалар пенжактың жіптеріне әсер етуі мүмкін.
Бұл пенжак сақтықты қажет етеді. Оны үнемі химиялық тазалауға берудің кесірі тию мүмкін. Сондықтан, мүмкіндік болса, ұқыпты киюге тырысыңыз.
Твид пенжагының қас жауы – жарық, дымқыл және жәндіктер. Есіңізде болсын! Егер пенжакты жиі кимейтін болсаңыз, шкафқа сыртын қаптап ілгеніңіз жөн. Күйе көбелектер секілді жәндіктер пенжактың күйін кетіруі әбден мүмкін.