Түрлі-түсті шұлық таңдау

Түрлі-түсті шұлық таңдау
Фото: glamur.co.il

Көптеген адам сәннен хабары болмаса да, жаңа шыққан заттарды тұтынып, жарастырып киеді. Өздерінің қандай стильде киініп жүргенін білмейтін жандар үшін мына қоғамда екі ғана сән үлгісі бар. Біріншісі классикалық үлгі болса, екіншісі спорттық киімдер. Ал, сәнді киініп, өзіне қарап, қандай түстердің үйлесім табатынын білетін жандар үшін бұл қалыпты жағдай. Ерлерге арналған түрлі-түсті шұлықтарды таңдауда мынаны ескеріңіз.

Қалыпты қара, сұр, қошқыл түстен өзге түсті шұлық сатып аларда ол түс қандай киіміңізге үйлесетінін біліп алғаныңыз дұрыс. Одан кейін түрлі-түсті шұлықтар классикалық үлгідегі киімдермен үйлеспейді. Сондықтан классикалық үлгіде киінгенде шұлығыңыз аяқ киім түсіне сәйкес болсын. Баратын жеріңізде өзіңізді еркін сезініп, әрі киім үлгісімен үйлестіріп, сырт көзге келбетті де көрікті көріну үшін мұндай шұлықтар көмектесе алады. Тағы бір еске сала кететін жағдай, сіздің түрлі түсті шұлығыңыз аяқ киіміңізбен және шалбарыңызбен бірдей болмауы керек. Себебі барлығы бір түсті болған жағдайда өңіңізді ашпауы мүмкін.

B. ZHAQSYMBET