Тест: "Сіздің стиліңіз қандай?" (Жігіттерге)

Тест: "Сіздің стиліңіз қандай?" (Жігіттерге)

ХХІ ғасырда адамды киіміне қарап қарсы алып, ақылына қарап шығарып салатынын білеміз. Психолог мамандардың айтуынша, танитын, танымайтын адамдарға жақсы әсер қалдыру үшін талғаммен киінгеніміз жөн. Ал талғамымыз жеке стилімізбен сәйкесуі тиіс. Әрине, таңдау еркі әркімнің өз еншісінде. Бізді қоршаған адамдарға әдемі киінгеніміз ұнайтыны анық, ал бізге ше? Әдемі киіну деп нені түсінеміз? Бұл сұрақтардың жауабын тестіміздің көмегімен тауып, өзіңіздің стиліңізді анықтаңыз.

1. Дүкенде тамаша крассовкі сатылып жатыр. Сіз:

А) Қуана барып сатып аламын – 0

Ә) Спорттық аяқ киімім бар болғандықтан, жай ғана қызығып қарап, өз жөніме кетемін – 1

Б) Спорттық аяқ киімнен эстетикалық сұлулықты байқамайды екенмін – 2

В) Қатты ұнаса, міндетті түрде сатып аламын – 3

2. «Мінсіз жігіттің гардеробында міндетті түрде 10 галстук болуы керек» деген пікірге көзқарасыңыз қандай? Нұсқалар:

А) Менің ойымша, той-томалаққа барарда тағатын 3-4 галстук болса жеткілікті – 0

Ә) Бұл пікірмен толықтай келісемін – 1

Б) Он дейсіз бе? Аз болады. Тек қана галстуктер емес, мойын орамалдары да болған жөн емес пе? – 2

В) Келісе алмаймын – 3

3. Бет орамалын қай қалтаға салғанды жөн көресіз?

А) Джинсидің артқы қалтасына саламын – 0

Ә) Пиджактың қалтасына – 1

Б) Сән үшін ұшын шығарып, пиджактың қалтасына салып қойғанды жөн көремін және шалбардың қалтасына тағы да біреуін салып қоямын – 2

В) Маған бет орамалдың қажеті жоқ – 3

4. Стиль мәселесіне келгенде мамандардың көмегіне жүгінген жөн бе, әлде оны өзіміз де қалыптастыра аламыз ба? Нұсқалар:

А) Егер бұл іске шындап кіріссе, кез келген адам өзінің жеке стилін оңай қалыптастыра алады – 0

Ә) Әрине мамандардың көмегіне жүгінген жөн, алайда өз стилімді өзім таңдағанды дұрыс деп санаймын – 1

Б) Барлығы да адамның шығармашылық қабілетіне байланысты. Егер мұндай қабілеті болмаса, мамандардың көмегіне жүгінген жөн – 2

В) Өз стилін өзі таңдай алмаса, бұл іске мүлдем жоламағаны абзал – 3

5. Сіздің ойыңызша, авангард дәстүріне сай киінетін жігіттің бойында қандай қасиет бар?

А) Батылдық пен ақымақтық – 0

Ә) Талғамы жоқ – 1

Б) Шешім қабылдағыштық пен ұшқыр қиял – 2

В) Қалжыңдап, күле білу – 3


6. Сақалыңызды қалай өсіргіңіз келеді? (Әрине өсіргіңіз келсе)

А) Жартылай ғана қырынатын едім – 0

Ә) Қысқа етіп қана – 1

Б) Эспаньолка стилінде - 2

В) Қалай өсетініне байланысты ғой – 3

7. Жүзік тек қыз баласына ғана жарасады деп ойлайсыз ба?

А) Асыл тастары жоғын жігіттерге де тағуға болады – 0

Ә) Әрине, бірақ жігіттер таққанда тұрған еш нәрсе жоқ қой – 1

Б) Жігіттерге де жарасады – 2

В) Жүзік жігітке лайық емес деп ойлаймын – 3

8. Айына стиліңізді сақтау үшін қанша ақша құртасыз?

А) Әр кез әртүрлі – 0

Ә) Өте аз – 1

Б) Жалақымның үштен бір бөлігін – 2

В) Барлығы да көңіл-күйіме байланысты – 3

9. Толықтай имиджіңізді өзгерткіңіз келсе, ең бірінші неден бастар едіңіз?

А) Бұзық жігіттерге ұқсап татуировка салдыратын едім – 0

Ә) Шаш үлгімді өзгертемін – 1

Б) Киіну мәнерімді өзгертемін – 2

В) Құлағымды тестіремін

10. Түйме мен галстукты босатыңқырап тағып жүрген ұнай ма?

А) Орынды деп ойлаймын – 0

Ә) Мұндайға жол бере алмаймын – 1

Б) Бұл классикадан сәл болса да бас тартуға көмектеседі – 2

В) Өзім үнемі солай жүремін – 3


11. Бастығыңыз жұмысқа сәйкес киініп, өзгелерге үлгі болуыңызды талап етті. Сіз:

А) Қызметіме сай киінгенім дұрыс қой – 0

Ә) Уақыт өте келе түзелермін – 1

Б) Мен үшін бұдан асқан қиындық жоқ – 2

В) Мені өзіне тәуелді еткісі келгендігі ұнамайды – 3

12. Дүкен аралау сіз үшін:

А) Қыздарға ғана тән хобби – 0

Ә) Мүмкіндік болса, дүкенге бармауға тырысамын – 1

Б) Серідей сұлу киінгім келетіндіктен, қуана барамын – 2

В) Дүкен аралау жайында естігім де келмейді – 3

13. Былғарыдан тігілген киімдер ұнай ма? Нұсқалар:

А) Былғары күртешелерді ғана ұнатамын – 0

Ә) Мен үшін әдепсіздікпен тең – 1

Б) Былғарыдан тігілген шалбарлар мен жейделер қатты ұнайды – 2

В) Әрине ұнайды – 3

14. Шаршы суреттері бар жейделерді ұнатасыз ба?

А) Өте ыңғайлы болғандықтан ұнатамын – 0

Ә) Тек үйде ғана киемін – 1

Б) Жоқ, олар тым қарапайым көрінеді -2

В) Көңіл-күйіме байланысты – 3

15. «Джинсы сәні мәңгілік өмір сүреді» деген пікірмен келісесіз бе?

А) Әрине – 0

Ә) Олай болмаса екен деп тілеймін – 1

Б) Мүмкін – 2

В) Келісемін – 3


Жауаптары:

0-14 ұпайдың арасы: Сіз киімнің барынша ыңғайлы, нағыз ер жігітке лайық болғанын қалайсыз. Стилін қызметіне сәйкес таңдайтын адамдарды ұнатпайсыз. Спортпен айналысқанды жақсы көресіз. Күнделікті тұрмыста спорттық киімдерді киіп жүресіз. Бірақ кейде бұлшық еттерге қарағанда, классикалық кәстөмдердің өзгеге сыйлар әсері мол екенін ескеріңіз.

15-29 ұпай: Сіз классикалық үлгіде киінуді жақсы көресіз. Ол мінезіңізге де сай келеді. Киіміңіз әрдайым салмақты, ақылға толы мінезіңізбен үйлеседі. Осы стильде киіну арқылы өзіңізді кез келген іске дайын адамдай сезінесіз.

30-40 ұпай: Сіздің таңдаған жауаптарыңыз жүрегіңіздің түбінде сезімтал жан екеніңізді байқатады. Дәл осыны киіміңіз туралы да айтуға болады. Барқыт жейделерге, кең балақты шалбарларға, етек-жеңі желбіреп тұратын кеудешелерге ғашықсыз. Көпшілік сізді қыздар секілді киінеді деген пікірде. Сондықтан стиліңіз жайында ойланып көріңіз.

41 ұпайдан жоғары: Сіз стиль мәселесімен басыңызды қатырмайсыз. Денеңізді жауып тұратын шүберек болса, соның өзі де жеткілікті деп ойлайсыз.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: ttolk.ru

Қ. Бүйенбай