Ер адамның стильдік имиджіне баға берерде, оның киім киісі басты назарда болатыны белгілі. Соның ішінде, киген киіміңізге аяқ киіммен қатар, белдікті де дұрыс таңдауыңыз өте маңызды. Белдіктің түрі өте көп болғандықтан, орындарын ауыстырып тағып жатамыз. Сондықтан, біз белдіктің негізгі бес түрін сіздерге ұсына отырып, қай жағдайда қайсысын тағу керектігін айтқалы отырмыз. Біздің бұл кеңестерімізге құлақ ассаңыз, белдік таңдауда және киіміңізге сәйкестендіре тағуда еш қиналмайсыз.
1. Спорттық үлгідегі белдік
Түрлі-түсті тоқылып жасалған белдіктер. Бұл белдік түрі, көбінесе, джинсы және шолақ шалбарлармен жарасымды болады. (Lacoste)
2. Сәнді белдік
Қалың әрі қатты матадан сәнді етіп жасалған белдік түрі. Фланельді, чиносты шалбарлармен, жалпы қалың маталы шалбарлармен жарасым табады. (Strellson)
3. Джинсыға арналған белдік
Теріден жасалған, айылбасы үлкен әрі сәнді. Джинсыға арналғандықтан, басқа шалбар түрлерімен тағуға болмайды. (Wrangler)
4. Классикалық үлгідегі белбеу
Бұл классикалық үлгідегі белдік – костюм шалбардың ажырамас негізгі бөлігі. Айылбасы онша үлкен емес, ықшамды болғаны жөн. Ал түсіне келер болсақ, қара, қоңырға жақын болғаны дұрыс. Аяқ киіміңізбен сәйкес келсе, тіпті жақсы. (Brunello Cucinelli)
5 . Күнделікті тағып жүруге арналған белдік
Майысқақ материалдан өріліп, тоқылып жасалған. Терімен сәнделген, ал айылбасы қарапайым. Ыңғайлы, классикалық үлгіге көп келіңкіремейді. Жалпы көп жағдайда тағуға болады. (Dr. Koffer)
Оқи отырыңыз:
1. Adidas ғарышкер стиліндегі кроссовкі шығарады
2. Иіссуды дұрыс қолданудың сегіз тәсілі
3. Екі минутта галстук байлау тәсілі (Видео)
4. Ерлер костюмін қалай таңдаған дұрыс?
Сурет: dselection.ru, mhealth.ru