Қол сөмкелер ұзақ мерзімге шыдауына жағдай жасау аса қиын емес. "Осы жыл ұстауға жараса болғаны" деп салғырт қарау дұрыс емес. Ең алдымен, сөмкенің сапасына мән берген дұрыс.
Қол сөмкелер аяқ киімдер секілді былғарыдан тігіледі. Демек, оларға да аяқ киімге қарағандай күтім жасау қажет. Сөмке өз қалыбын жоғалтпас үшін оның ішін қағазбен толтырып қою керек және тігінен қойған дұрыс.
Тағы бір есте ұстайтын жағдай: сөмкелерді аяқ киімге арналған түссіз креммен тазалаған дұрыс. Жиі емес, аптасына бір-екі рет сүртіп қойса, сөмкенің өңі сақталады. Креммен тазалаған соң, таза барқыт шүберекпен сүрткен жөн. Сөмкеге ұқыпты қарасаңыз, ол да сізге ұзақ қызмет етеді.