- Негізгі бет
- Стиль
- Серінің 8 белгісі...
Серінің 8 белгісі
Әр ғасырдың өз серісі бар. "Жігітке жетпіс өнер де аз" дейтін халқымыздың сегіз қырлы бір сырлы ұландары өз алдына ерекше. Дегенмен ХХІ ғасырдың серісі қандай болу керек дейтін сұрақ туындайды. Тегінде сал – серілер дала кезіп, ауыл–ауылды аралап, үстеріне ең керемет киімдерін іле салып, ән салып жүрген. Олардың мәртебесі биікте тұрды. Бірақ сол серілердің жалғасы бүгінгі ұрпақ немен ерекшелену керек? "Адам көркі -шүберек" дегенді ескерсек қалай киінгеніміз абзал. Сіздерге сегіз түрлі белгіні оқуға кеңес береміз.
1. Мойныңызға таққан галустугіңіз не ұзын не қысқа болмағаны абзал. Белгілі бір өлшем мен реттілікті сақтағаны жөн.
2. Кеудедегі қалтаға шыт салып жүру әбестік емес. Керісінше сіздің ажарыңызды ашады. Бірақ оны да дұрыс таңдай білген жақсы. Түрлендіріп те салып қоюыңыз. Бастысы киімдеріңізге тән түспен астасып жатса жеткілікті.
3. Есіңізде болсын, аяқ киім мен белдіктің түсі бірдей болу керек. Бұл қатып қалған заңдылық емес, дегенмен көз тартарлық үйлесім әрдайым жарасамды.
4. Жаңадан киім сатып алғаннан кейін міндетті түрде киместен бұрын этикеткасын алып тастауды ұмытпаңыз. Салғырттық танытпаңыз.
5. Ұялы телефонды жанға салып жүру "модадан" шығып кеткен. Сән демесек те, бозбала, жас жігіттер үшін бұл жараспайды. Барынша тиянақты әрі жинақы болған сізге жақсы.
6. Мойынға асып алатын сөмкелердің заманы өткен. Бірақ қазіргі кезде көп пайдаланып жүрміз. Барынша қолға ұстауға арналған сөмкелер немесе портфельдер алып жүріңіз. Сымбаттылыққа сөмкенің де әсері бар.
7. Шалбардың ең кереметін таңдаңыз. Барынша қолдан тігілген, тігісі жақсы, қыры қырланып тұрғанын іздеңіз. Жасанды әрі арзан дүниеге жүгіруді қойыңыз.
8. Ескеру керек тағы бір дүние, шалбардың жерден ұзығындығы 1,5-2 см ғана болу керек. Қатты қысқалық та, ұзындық та сіздің бүкіл сырт келбетіңізге әсер етеді.
Аталған сегіз түрлі белгіні дұрыс пайдалана білсеңіз, сізден асқан сымбатты әрі сері жігіт болмайды. Қай кезде болмасын жақсы киім мен жақсы жүру - мәдениеттіліктің бір белгісі.
М. Ақан