"Сәрсенбідегі сән" жобасының келесі кейіпкері Тимур − фотограф. Ол назарларыңызға "Street style" образын ұсынады.
Аксессуарлары:
Күрте − "PULL&BEAR", джинс шалбар − "F&F", жеңіл жейде − "oodji", аяқ киім − "NIKE", сөмке − "ARMANI", көзілдірік − сыйлық.
Стрит стайл − дала сәнінің ерекше түрі. Оның тарихы хип-хоп сәнінің элементтері аралас батыс жағалауының серфер мен скейтбордшыларының мәдениетінен бастау алады. Сол 70 жылдарда негізделген бұл стиль образдары әлі күнге дейін өмір сүріп келеді. Оның үстіне, бұл стиль қарқынды дамып, бірнеше өзгеріске ұшыраған еді.
"Менің ойымша, сәннің ер адам үшін қажеті жоқ. Ең бастысы, өзіңе жағымды, ұнамды стиль табу. Өзімді талғампаз деп айта алмаймын. Қымбат киімдерді сатып алуға ұмтылмаймын, қарапайым, стильді, өзіме жарасымды болса, аламын. Бұл дала стилін өзім қатты ұнатамын. Неге десеңіз, ең алдымен, бұл стильдегі кез келген киім ыңғайлы болып келеді. Екіншіден, күнделікті киюге арналған. Үшіншіден, сәнді болмаса да, стильді. Киімнің бағасы сапасына сай болуы керек. Сапасыз, бірақ қымбат зат алу мәнсіз деп ойлаймын. Сонымен қатар, мен көп аксессуар тағуды ұнатпаймын. Қол сағатты өте сирек тағамын", − дейді Тимур.
Тимурдың таңдаған образы өзінің күнделікті киетін киімі болғандықтан, суреттен-ақ өзіне ыңғайлы тұрғаны білінеді. Негізінде, қоғамда толықтай қара түсте киінген адамды қайғыруға, мұңаюға бейім деп есептейді. Алайда, бұл образдың ерекшелігі − аяқ киімінің түсі. Образды ашып тұрған сары түс джинс шалбарға үйлесіп тұр. Осы күз бен алдымыздағы жылдың көктем мезгілінде сәнді мына джинс күртесін көрген бойда сатып алыңыздар, жігіттер! Дәл осы түстегі күрте кәдімгі джинс түсті күртеден сәндірек, әрі әдемі. Тимурдың жеңіл жейдесінің түсі күртесі мен шалбарының түсімен үйлесімін тауып тұрғаны сөзсіз. Егер сіз де қара түсті ұнататын болсаңыз, образыңыздың бір элементі ашық түсті болғаны жетерлік.
"Сәрсенбідегі сән" жобасының бұл соңғы образы. Үздіктердің ішіндегі үздік образды таңдайтын – сіздер, құрметті оқырман!
Сурет: ©Ернар Алмабек
Жобаның алдағы өткен образдары:
Офистік образ
Кэжуал стиліндегі образ
Іскерлік образ