Пенжактың соңғы түймесі ешқашан түймеленбейді. Мұның сыры неде екенін білсеіз бе? Мәдениеттіліктің белгісі ме, әлде белгілі бір уәждемесі бар ма? Олай болса, бұл сұрақтың жауабын мына жазбамыздан біле аласыздар.
Америкалық нұсқа
Америкалықтар соңғы түймені қадамау ковбой мәдениетінен келе жатыр деп есептейді. Оларда дуэль сыны екі ковбойдың шапшаңдығын әрі ептілігін көрсетеді. Қаруын алып үлгермеген адам тіл тартпастан кетуі мүмкін. Ковбойлар аруды жанынан лезде шығару үшін пенжактың соңғы түймесі түймелемейді екен.
Ағылшындық нұсқа
Ағылшындықтар пенжактың соңғы түймесінің түймеленбеуі ХХ ғасырдың басында Эдуард VII кезінде қалыптасқан дейді. Ұлыбританияның солк кездегі императоры Эдуард VII жас кезінде талдырмаш болған көрінеді. Уақыт өте келе салмақ қосқан соң, пенжактың соңғы түймесін ағытып жүретін болған-мыс. Заман ағымына қарай бұл сәнге еніп кеткен екен.
Басқа нұсқа
Кей адамдар бұның ешқандай тарихы жоқ, тек отырғанда пенжак қыртыс болып тұрады деп есептейді. Көп алдында киімді жиі дұрыстап отыру көзге оғаш көрінеді деп ойласа керек.
Соңғы түймені түймелеуге болатын бір-ақ жағдай
Егер пенжак бір түймелі не екі жағына бірдей қаусырмаланатын болса ғана түймені түймелеуге болады. Есіңізде болсын! Екі жағына бірдей қаусырмалайтын пенжактардың алдын ашып жүруге мүлдем болмайды. Киім кию мәдениетіне ұайшы болып есептеледі.
Сонымен, соңғы түймені түймелеудің сыры – мәдениеттілікте және ыңғайлылықта екен. Киім кию әдебін сақтағаныңыз – мәдениеттілігіңіздің белгісі.