- Негізгі бет
- Стиль
- Күзгі сән-2015. Жігіттерге...
Күзгі сән-2015. Жігіттерге жарасатын 5 киім
Күз - өзіндік стиліміздің бар екенін көрсетіп, жеңіл киімдерді матасы қалыңымен алмастыруға мүмкіндік беретін маусым. Оның алғашқы күндерінен-ақ сандықтың түбінде жатқан жылы бәтіңке, жемпір, пальто, күрте сынды киімдерімізді сыртқа шығарамыз. Ал биыл олардың қайсысы сәнде болатынын білесіз бе? Бұл сұраққа жауап беруге қиналсаңыз, кезекті материалымызға зер салыңыз. Осы маусымда сәнге айналатын ерлер киімін назарларыңызға ұсынамыз.
Қыша түсті киімдер
Биыл күзде қыша түсті киімдер сәнде болады. Күздің басты трендіне айналады. Оны қоңыр және көк түстермен үйлестіруіңізге болады.
Челси бәтіңкелері
Классикалық киімдерге қашан да орын табылады. Әсіресе мәселе аяқ киімге келіп тірелген кезде. Қазіргі таңда челси бәтіңкелері чукка-бутс аяқ киімдерін алмастырып жүр.
Водолазка
Водолазканы кез келген киіммен үйлестіріп киюге болады. Сырт киіміңіздің жағасы болса да, болмаса да, ол әдемі көрінеді әрі мойныңызды ұзын етіп көрсетеді.
Портфельдер мен сөмкелер
Көп жігіт рюкзак асып жүруге бейімделген. Оның омыртқаның саулығына тигізер пайдасы мол. Десе де сәні мен ыңғайлылығы үшін портфельмен немесе мессенджер сөмкелерімен алмастыра аласыз.
Шақпақ
Шақпақ суреті бар киімді еске түсірген кезде, ең алдымен, шотландиялық жігіттердің белдемшесі ойға оралады. Шақпақ суреті бар шалбарлар көзге оғаш, ал сырт киім әдемі көрінеді.
Техникалық аксессуарлар
Қап, қолшатыр, планшет сынды күзде қолға алып жүретін аксессуарлар бар. Олар образдың бір бөлшегіне айналып үлгерген сыңайлы. Егер шақпақ суреті бар киім киіп жүре алмасаңыз, аксессуардың сыртын солай қаптауға тырысыңыз.
Тоқыма
Жемпір мен кардиган кез келген сәнқой жігітке жарасады. Соңғы жылдары қыста қатты суық болып жүргенін ескеріп, «екі қоянды бір оқпен атуыңызға» болады. Сапасы орташа дегендерінің бағасы қымбат. Бірақ оны екі маусым қатар кие алатыныңызды ұмытпаңыз.
«Құм» палто
Қара түсті ветровкілерді ашық түсті пальтолар алмастырады. Мұнымен қатар, кез келген түстегі киіммен үйлесу қасиеті бар. Спорттық аяқ киіммен де, твид кепкамен де, шляпамен де әдемі көрінеді.
Қ. Бүйенбай