Күзде жаздық аяқ киім кию қауіпті. Аяқты жылы ұстау үшін қонышы ұзындау, табаны қалың су өтпейтін жылырақ аяқ киім киген жөн.
Арамызда күзде жаздық аяқ киім, қыста күздік киім кие салатындар бар. Алайда мамандардың айтуынша, мұндай әдет денсаулыққа қауіп келтіреді.
- Моданың аты мода, бірақ деннің саулығы одан жоғары тұрады. Егер сарбаз су аяқ киіммен бір түн бойы окопта қалса, ертеңінде оның аяғын кесуге тура келеді. Сондықтан аяқтың суықтап қалуынан барынша сақтанған абзал. Оның үстіне, күзгі климат ылғалды келетіні белгілі. Жердің бәрі су. Жұқа аяқ киімнен су мен суық тез өтеді, - дейді Бірінші Мәскеу мемлекеттік университетінің ғалымы, медицина ғылымдарының кандидаты Константин Терновой Радио Sputnik-ке берген сұхбатында.
Ғалымның айтуынша, ауа температурасы 14 градусқа төмендегенде, адам күздік киімге көшкені жақсы. Ал мода сақтағысы келгендер күздік аяқ киімді су болып қорғайтын қаптама, галош кисе болады.