Күз-қыс 2014-2015. Ерлердің сырт киімі

Бүгінде ерлер сәні әйелдер сәнінен қалыспай дамып келеді. Күз-қыс мезгілінде ер адамдар сәнді әрі стильді көріну үшін не кию керек? 2014-2015 күз-қыс мезгіліндегі ерлер сәні туралы дизайнерлер не айтады?

Біз еліміздегі ең үлкен "Апорт" моллында орналасқан "Kari" дүкеніне барып, осы сұрақтарға жауап іздедік. Айта кетейік, аталған дүкендегі ерлердің сырт киімдері 7000-18000 теңге аралығында, ал жемпір 3000-6000 теңге аралығында тұрады.

Пальто. Ерлер пальтосы кез келген суық мезгілде сәннен қалған емес. Осы жылы да дизайнерлер пальтоның түр-түрін тігіп, қолданысқа ұсынып отыр. Былтырғы жылы дизайнерлер пастель түсті пальтоларға басымдық берсе, биылғы жылы сұр түстегі пальтоны таңдап отыр. Сондықтан сұр түсті пальто кисеңіз, сән тенденцияларынан қалыспай жүргеніңізді көрсетесіз. Қара түс – ешқашан сәннен шықпайтын классикалық түс. Сәйкесінше қара түсті классикалық пальтоны спорттық, күнделікті, кеңсе киімімен де жарастырып киюге болады. 


Күртеше (Куртка). Күртеше пальто мен былғары жұқа күртешеге қарағанда тиімдірек және бағасы да қалтаңызға сай келеді. Бұл күртешені джинс, слаксы шалбарларымен киюге болады. 


Жемпір. Күз-қыс 2014-2015 мезгілінде кең жемпірлер сәнде болғанымен, элегантты әрі әмбебап мына жемпірлерді таңдасаңыз, бейнеңіз ашыла түспек. 

Сурет: Ернар Алмабек

Модель: Бауыржан Жақсымбет

Арнайы Massaget.kz үшін