- Негізгі бет
- Стиль
- Костюмнің түрлері ...
Костюмнің түрлері
Кеңседе жұмыс істейтін адамдар этикетке, жұмыс ережесіне сәйкес классикалық киім киюге мәжбүр болады. Сол себептен кейде бір киімді кие беру адамды шаршатады. Костюмді жарасымды етіп түрлендіруге болады. Қандай түстер іскерлік образға үйлесім беретінін және оларды қандай аксессуарлармен кию керектігі туралы төменнен оқыңыз.
Көк түс
Көк түс күңгірт түспен әдемі үйлесім табады. Қара және күңгірт-көк түсті костюмді галстук, кеуде орамалы және тағы басқа да көк түсі бар аксессуарлармен кисеңіз болады.
Көк-жасыл түс
Көк-жасыл костюм іскерлік образдағы дрес-кодтардың қатарына жатады. Сіз ашық реңкті түстерді таңдау арқылы бір уақытта таза әрі кербез көрінетін боласыз.
Қою қызыл түс
Қою қызыл түстің болуы адамға келісті образды бере отырып, оны сымбатты етіп көрсетеді. Бұл түс ақ көйлекпен жақсы жарасады.
Сурет: mini-me.su,www.zara.com,litavherdi.blogspot.com
Ұқсас жазба:
Н. Нұрмаханұлы