Күнделікті костюм киіп жүретін адамдардың ең бірінші бас қатыратыны "киіміме қандай өзгеріс енгізем болады?" Бүгінгі таңда жігіттердің бір басында бір немесе екі классикалық киім бар. Неге десеңіздер, мұндай киімді тек жұмысқа, тойға, мерекелік кештерге ғана киеді. Сондықтан оның көп болуына аса мән бермейді.
Киіміңіз біреу болғанымен, оған өң беріп, галстук, сағат сынды аксессуарларды үйлестіріп тақса, сырт көзге күн сайын әртүрлі болып көрінеді. Түс таңдау барысында қателікке жол бермеген дұрыс және түрлі түсті қызықтап киуге де болмайды. Ондай адамдарды жұрт "бағдаршам" деп келеке қылады. Бүгін сіздерге костюм қосымшаларын түсіне қарай үйлестіріп таңдау жөнінде ақпарат береміз.
Көк түс
Қызыл түс
Қызыл түсті киім киген адам қашанда тартымды, стильді, өзіне бірден назар аударта алатын адам ретінде көрінеді. Қызыл галстук, қызыл сағат, құлағы қызыл көзілдірік болса, ақ жейдемен әдемі үйлесіп, костюммен керемет көрінеді.
Жасыл түс
Егер сіздің классикалық үлгідегі киімге пайдаланған заттарыңыздың арасында жасыл галстук, сағат, әмиян, төскі қалтаға салатын орамал болса, еш қысылмастан қалаған жеріңізге бара беруге болады. Өйткені сіз адамдарға сенімді, маңызды, ерекше, жұмыс басты болып көрінесіз. Заттарды таңдағанда бірдей түспен әрі жапырақ түстісін алғаныңыз дұрыс. Себебі жасылдың да сан алуан түсі бар.