Жігіттер қауымы көбіне серуендеп демалғанды ұнатады. Шет ел асып, аңға шығып, балық аулап, іс-сапармен әртүрлі мекендерден жиі табылады. Сондай уақытта көп сөмке ұстағысы келмейтін ер азаматтар сыймаған нәрсесін тастап кетуге мәжбүр. Алайда, оның барлығы керек екенін іштей сезеді. Сұлулар сынды көп зат алмаса да, жігіттердің саяхатта алып жүретін дүниелері де едәуір көп. Сондай уақытта асықпай барлығын ретімен жинап, көп затты сөмкеңізге қалай сыйғызуға болатынын назарларыңызға ұсынамыз. Мұндай кеңестерді біле жүргеніңіз дұрыс. Өйткені жігіттер түздің адамы болғандықтан сөмкені қалай дұрыс пайдалануын білуі керек.