«Адам көркі – шүберек». Кез келген адам өзіне және өзінің киім киісіне мән беруі керек. Бұл ешқандай да ерекшілік емес, өзіңізді күту ғана. Өзіңізді қаншалықты таза әрі жинақы ұстасаңыз, қоғам сізді солай қабылдайды. Тіпті сіздің мінез-құлқыңыздан бұрын киіміңізге мән береді. Ал киімді қалай кию керек екенін, оның өлшемін дұрыс таңдауды ескеріңіз.
Жағаңыз жинақы әрі шақ болып тұруы өзіңізге де өте ыңғайлы. Ал кең не тар кисеңіз, дем жетпей тұрғандай өзіңізді жайсыз сезінуіңіз мүмкін.
Кеудеңізге киетін жейдені де шақтап алыңыз. Егер ол денеңізге тырысып тұрса, бас тартыңыз. Өйткені костюм шешуге тура келген жағдайда жейде сізді тым ерсі көрсетуі мүмкін. Денеңізге кең жейдеден де аулақ болыңыз.
Кез келген киімнің иық бөлігі нақ өлшеміңізді көрсетеді. Сырт көз сіздің иығыңызға қарап киім тар не кең болып тұрғанын бірден аңғарып қояды.
Жейденің жеңі күнделікті өмірде мән беретін дүние болмауы да мүмкін. Бірақ талғампаз ортада жүруге дағдыланған болсаңыз ол жағын да біле жүріңіз.
Суретте көріп тұрғаныңыздай, дәл өлшеммен киген кездегі сырт бейнеңіз бен тар және кең киім киген көрінісіңізде айтарлықтай айырмашылық болады.
Киімге қыз баласы ғана емес, ер адамның да мұқият әрі тиянақты болғаны жөн. Өйткені сырт киіміңіз де сіздің мәдениетіңізді көрсете алады.