Әр заманның өз стилі бар. Оған ешкім шүбә келтірмейді. Бұл тек қыздар қауымына қатысты сөз емес, жігіттер де заманның ағымынан қалып қойған жоқ. Алайда, ер азаматтар өзінің абыройын сақтау арқылы сәнді киіне білген. Сәнге тек әдемі киініп, талғаммен таңдаудан бөлек, шаш үлгісін дұрыс қою да жатады. Кейбір жігіттер өзге біреуге еліктеу арқылы, өзіне үлгі қылған адамының шаш үлгісін жасатса, енді біразы кинодан көрген көрікті жігіттердің образына енгісі келеді. Бұл, әрине, біреуге жарасса, енді бірін ұсқынсыз көрсетеді.
Шаш үлгісін қою кезінде жігіттерге айтар кеңесіміз, шашыңызды басыңыздың қалыбына сай әрлегеніңіз дұрыс. Сіздің басыңызға қандай шаш үлгісі жарасатынын келесі материалдарымызда әңгімелейтін боламыз. Ал бүгін жүз жылдан бері жігіттердің шаш үлгісі қалай өзгергеніне зер салыңыздар. Мүмкін ескі стилдің ішінен өзіңізге керегін тауып қаларсыз.