- Негізгі бет
- Стиль
- Жігіттерге 5 кеңес:...
Жігіттерге 5 кеңес: Қалай сымбатты болып қаламын?
Жігіттер әрқашан да сымбатты болып жүруге тиіс. Өмір өтіп барады. Ертең-ақ қаусаған қарияға айналып шыға келеріңіз сөзсіз. Сондықтан да уақытыңызды тиімді падаланып, ертеңгі күнді бүгін ойлаған абзал. Бет терісінің бүлінбеуін қаласаңыз, тартымды әрі сергек көріну үшін сізге мамандардың мынадай 5 кеңесін ұсынамыз:
- Темекі шекпеңіз! “Темекі шегу денсаулыққа зиян” деген сөзді күн сайын естіп мезі болған шығарсыз. Алайда артына үңіліп, тереңірек түсінсеңіз өз өміріңізді өзіңіз құртып жатқаныңызды ұғар едіңіз. Темекі ең алғаш тіс ауруын емдеу ретінде пайдаланылғанымен де, зияндылығын ғалымдар әлдеқашан дәлелдеп берді. Жыл сайын дүние жүзінде темекі шегудің салдарынан 4 млн. адам қайтыс болады екен. Жүрек талмасы, теріге әжім түсу, өкпе қабынуы сынды көптеген зияндары сіздің өміріңізді жалмап кетері анық. Сондықтан да темекіні тастап, жүрек қан тамырларының дұрыс жұмыс жасауы үшін жаттығулар жасап тұрыңыз. Теріні бір қалыпты ұстау үшін ыстық душ қабылдап, құрғатып отырыңыз.
- Ұн өнімдерінен жасалатын тағамдарды көп жеуге тырысыңыз. Мұндай тағамдар асқазан-ішек ауруларынан, қан қысымының көтерілуінен сақтандырады. Теріні күннен қорғап, ылғалды етіп ұстауға тырысыңыз. Шектен тыс түскен күн сәулесі темекінің әсері сынды әжімнің түсуіне әкеліп соғады.
- Ағзаңыздың демалып тұруына жағдай жасаңыз. Бірнеше күн ұйқысыз жүру немесе аз уақыт қана көз ілу ағзаңыздың шаршауына ұрындырады. Бір уақытта жатып, тұруға дағдыланыңыз. Өмірдің қарбаласынан ешқашан құтыла алмайсыз. Кейінірек жастық шақта өткен әр сағатыңыздың қайтарымсыз болғанын ұғып, өкінеріңіз анық.
- Ішімдіктен, арақ-шараптар мен есіртікіден аулақ болыңыз. Әрбір байқап көру ағзаңызды қартайта түседі. Яғни, ағзаңыз уланап, ажарыңыз сола түсері анық. Жасыңыздан бұрын қартаю санаңызға салмақ түсіреді. Сондықтан да сақтықты осы бастан қамдаңыз.
- Спортпен шұғылданыңыз. Түрлі жаттығулар жасап сергек жүру, жан рахатына бастар бірден бір жол. Денеңіздің үнемі қозғалыста болуы буын қабынуынан сақтандырады. Сымбатыңызды бірқалыпты ұстайсыз. Өз көркіңіз – өз өміріңіздің айнасы. Салауатты өмір салтын ұстану баршамыздың міндетіміз.
Дайындаған: Нұржігіт Айдархан
Сурет: mujeres.publimetro.com.mx
Ш. Талап