Жігіттердің жаңа киім үлгісі қандай?

Жігіттердің жаңа киім үлгісі қандай?

Танымал сәнгерлер мен әрлеушілер ұсынған жаңа сән үлгілерін кез келген еркек байқап көргісі келеді. Олар да өз ортасында әдемі, сымбатты жүрсем дейді. Қазақы ұғымда жігіттер жағы сән әлеміне көп мойынсұнбағанымен, бүгінгі заман ағымы бәрін талап етуде. 2013-2014 күз-қыс маусымы үшін ерлерге арналған жаңа сән үлгірерін ұсынамыз. Осы сән үлігілерінің ішінен керегін табасыз деп үміттенеміз. 

Қараны көкпен ауыстыру

Көптеген сәнгерлердің топтамасында қара түстің орнына қара-көк түс басты. Нavy blue пішіні теңізшілердің әскери формасы іспетті, қайратты әрі мәртебелі көрінеді. Бұл пішін сasual үлгісі сынды классикалық үлгіде әдемі көрінеді. Жылтыраған былғарылы күртеше бұл пішінде стильді әрі жаңа.

Шатыраш костюм

1930 жылдардағы сән үлгісі арамызға қайта оралуда. Сіздің киім ілгішіңізде міндетті түрде пиджак, шалбар, пальто және шатыраш жейде тұруға тиіс. Костюмнің шатыраш болуы жігіттерді сырбаз әрі сымбатты көрсетеді. Ерлерге арналған костюмдер мен түкті шатыраш пальтолар 2013-2014 күз-қыс маусымында өтімді болады. Және ол сіздің талғамыңызға дәл келері анық.

Водолазка мен жейде

Дұрыс үтіктелген кеңселік жейде мен галстук сіздің жоғарғы сөреңізде тұруы қажет. Осы күз-қыс маусымында костюмді водолазкамен кию жарасымды көрінеді. Водолазканы тек костюммен емес, жемпірмен, шатыраш жейдемен кию дұрыс. Водолазканы салқын күндері суықтан қорғану үшін ғана емес, сәнді көріну үшін де киюге болады.

Күртеше

Жеңіл күртешелер осымен кезекті маусымда да айналымға шығып жатыр. Бұл сұраныстың бар екенін көрсетеді.

Түрлі түсті унисекс

Түрлі түсті унисекс дегеніміз не? Бұл – ер адамға да, қыз балаға да киюге рұқсат етілетін киім түрі. 2013-2014 күз-қыс маусымындағы ерлер топтамасында күлгін, шие түстес, сұрғылт, ашық жасыл, көк-жасыл, әдеттегідей қыздардың алқызыл түстері кездеседі. Ендеше, өміріңізді жарқын етер сәт келді!

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: menslife.com

Ш. Талап