- Негізгі бет
- Стиль
- Фастфуд түсті кроссовкалар...
Фастфуд түсті кроссовкалар
Аты әлемге танымал музыкант әрі продюсер Фаррелл Уильямс өзінің инстаграм парақшасына Adidas кроссовкаларының соңғы үлгісін қолына ұстаған суретін жүктеді.
Сурет астындағы BYW хэштегі Boost You Wear сөзінің қысқартылған түрі. Adidas компаниясының жаңа топтамасы дәл осылай аталады. Ал, екінші #747WarehouseSt хэштегте 16 ақпанда сатылым болатын адрес көрсетілген.
Фаррел Уильямсқа бұл топтаманың стилистикасын ойластыруға деген шабыт түскі ас кезінде келгенге ұқсайды. Себебі, кроссовкалар түсі кетчуп пен фри және қыша қосылған хот-дог сынды классикалық америкалық фастфудты еске салады.
Естеріңізге сала кетейік, Adidas компаниясының бұл нарықтағы басты бәсекелесі NiKe компаниясы да жақында ерекше үлгідегі аяқ киім ұсынған болатын. PlayStation стиліндегі кроссовкалардың бауын өткізетін тесіктері джойстиктің фирмалық түсінде жасалған. Ал, жанында үшбұрыш, шаршы, крест және дөңгелек бейнеленген. Кроссовкалар тілінің бірінде Джордж Полдің, екіншісінде PlayStation логотипі жапсырылған. Олар, сондай-ақ, жарқырап жанады және қуаттауды қажет етпейді. Өйткені, 150 сағат үздіксіз жұмыс істеу мүмкіндігіне ие.
Бір қызығы, қазір сәнге айналған түрлі коллаборациялар кейде тым талғамсыз көрінгенмен, кейде шынымен ұтымды жаңалық алып келеді. Ал, бірінен бірі өткен аяқ киім шығарушы компаниялар тұтынушыларды тым еркелетіп жібергенге ұқсайды.
А. Оралқызы