Levi's компаниясы Альберт Эйнштейн үстінен тастамай киген Menlo Cossack Jacket күртешесін қайта шығарды. Оны қазір дүкендер желісінің ресми сайтынан онлайн сатып алуға болады. Альберт Эйнштейнді гардеробтан гөрі өзінің эврикалық идеялары мен ғылыми жаңалықтары көбірек мазалағаны анық. Десе де, 1930 жылдары ғалым АҚШ-қа жаңадан келіп, керемет физик ретінде атағы шыға бастаған кезде Levi's дүкендерінің бірінен күртеше сатып алған. Және оны он жыл бойы шешпей киген. 2016 жылы Levi Strauss Co компаниясы осы күртені Лондондағы Christie's бәссауда үйінен бірнеше есе қымбат бағаға қайтарып алады. Ғалымның сүйікті киімінен ол тартқан темекінің иісі әлі күнге дейін шығып тұр екен. Енді бұл модельдің 500 данасы сайтта 1200 долларға сатылымға шықты.