Шұлықты да киюге белгілі бір талғам керек екендігін біреулер білсе, екіншілері біле бермейтін секілді. Себебі кейбір еркектер классикалық костюммен небір түрлі шұлықты киіп алады. Әсіресе 80 жылдардағы сәннен қалған дағды кез келген киіммен ақ шұлық кию әлі де қалмай келеді.
Шұлық шалбардың түсіне немесе аяқ киімнің түсіне сәйкес таңдалады. Ең ұтымдысы – қара түсті шұлық. Ол кез келген стильдегі киіммен үйлесе береді.
Шұлығыңыздың ұзын болғаны абзал, отырған қалыпта жалаң аяғыңыз көрінбеуі тиіс.
Ерсі көрінетін жайттың бірі – жігіттеріміздің ашық аяқ киіммен шұлық киіп алуы. Бұл тек балабақшаға баратын бүлдіршіндерге ғана жарасымды.
Кейінгі кезде мокасинді, кеданы не лоферді жалаң аяқ кию (әсіресе шолақ шалбармен) сәнге айналды. Шілденің ми қайнатқан ыстығында бұл дұрыс-ақ.
Мокасиндер
Кеда
Лоферлер
Денсаулық үшін ең тиімдісі – мақтадан тоқылған шұлық. Жасанды материалдан дайындалған шұлықтар арзан болғанымен гигиеналық тұрғыдан қолайлы емес. Әлбетте шұлықты күнде ауыстырып, жаңасын киіп отыруды барлық ер-азамат біледі деп ойлаймыз.
Жібектен жасалған шұлықты киіп, сырбаз боламын деп әуре болмаңыз. Бұл материалдан тоқылған шұлықты фракпен (артқы етегі ұзын ер адамдар киімі) ғана киеді.
Бұл ақпарат сізге пайдалы болды деген үміттеміз.
Сурет: livemaster.ru, wikipedia.org