Ерлердің киім үлгісі - ғасыр көзімен

Ерлердің киім үлгісі - ғасыр көзімен
Фото: newnownext.com

Мэтти Ваттс есімді модельер бір ғасырлық сән үлгіні 3 минутта таныстырып шықты. Соңғы жүзжылдықта cән әлемі тек әйелдер қауымын ғана емес, ерлерді де неше түрлі образға түрленткен екен. Жиырмасыншы ғасырдың бас кезіндегі пижон мұрты, гангстерлердің борсалино қалпақтары, әр жылдың талғамына сай шаш үлгілері, шалбарлардың түр-түрі, тіпті, сөмкелеріне дейін дәлме-дәл бейнелеген. Олай болса, ғасыр сәнін санаулы секундтарға сидырған мына бейнебаянды бірге тамашалайық. 


Е. Жұмабайұлы