- Негізгі бет
- Стиль
- Ерлер сәні 2018:...
Ерлер сәні 2018: сәнді материалдар
2018 жылы да дизайнерлер ер адамдарға қызықты және сәнді идеялар ұсынды. Әрине, сән көрсетілімдеріндегі барлық киімдерді бірдей күнделікті өмірге кию мүмкін емес. Алайда дизайнердің ұсынған бізге "біртүрлі" көрінетін киімінен биыл не сәнде болатынын анықтауға болады.
Яғни, олар ұсынған киім үлгісін толықтай кию керексіз деген сөз емес, оның матасы, түсі немесе өрнегі сәнде болады дегенді білдіреді. Соңғы жылдары сән көрсетілімдеріндегі киімдер де ыңғайлы әрі түсінікті болып келеді. Ендеше, ер адамдардың сәнде болатын киімдеріне тоқталайық.
Сәнді материалдар
2018 жылы твид, драп, жүнді және жартылай жүнді маталар, вельвет, зығыр (лен) подиумдардан ысырылып, оның орынан жаңа трендтер келді.
Барқыт
Барқыт соңғы рет 80-жылдары кең таралған болатын. Ол кезде барқыт матадан пальтодан бастап пиджакқа дейін, шалбарлар мен жейделер де тігілетін. 2018 жылы дизайнерлер ер адамдардың аристократты және сәнді көрінуі үшін барқыттан тігілген киімдер ұсынды.
Сән көрсетілімдерінен барқыт шалбар, стильді пиджак және костюмдер орын алды. Дизайнерлердің ойынша, барқыт іш пыстырарлық болмауы керек. Сол үшін дәстүрлі қара түсті олар қою қызыл, қызыл, күлгін, қоңыр және көк түстермен алмастырды.
Тоқылған фактура
Ыңғайлы және жайлы киімге деген тенденция сән шыңынан өз орнын берер емес. Әрине, ер адамдар гардеробында міндетті түрде жылы бірнеше жемпір мен свитерлер болады, алайда заманауи фэшн-индустрия ер адамдар сәнінде тоқылған киімдерді қолдану мүмкіншілігін арттыруда. Дизайнерлер ер адамдарға ыңғайлы жүнді пальто, оверсайз үлгідегі кардигандар және көлемді снуд киюге идея берді.
Сәнде ірі тоқыма, көлемді өрімдер және ұзын свитерлер мен дәстүрлі водолазкалар болады. Подиумдардан көк түстің барлық реңкі, қара, сұр, қоңыр, хаки, лайм және қыша түстер жиі кездесті.
Күдері
Бірнеше мерзім қатарынан жұмсақ күдері фактура дизайнерлердің сүйіктісіне айналды. 2018 жылы күдері ескірген жоқ, керісінше, өзінің сәндегі басымдылығын дәлелдеді. Дизайнерлер ер адамдарға күдері күртке, бомбер, пальто және аяқ киім ұсынды.
Киім үлгісінде бір күдері киім болғаны жеткілікті. Ер адамдарға сай келетін хаки, қоңыр, қара, сұр түстерге боялған күрткелерді қанық қараөрік реңкті киімдермен үйлестірген.
Классикалық былғары
Қолайлы әрі әмбебап былғары ешқашан сәннен шықпайды. Подиумдардан орын алған кең таралған пішінге тік пішімді қысқа күрткелерді, ұзын плащ пен тренчтер, тері пальто мен тондарды жатқызуға болады.
Тері ендірме, сыдырма ілгек, металл айылбасы (пряжка) бар белдіктер көп қолданылды. Стильді күрткелердің басым бөлігі қара және қоңыр түске боялған.
А. Жапатова