Ерлер сәнімен айналысатын дизайнерлер көктем-жаз мезгіліне ашық түстер мен эклектикалық (таңдаулы) стильді таңдады. Ерлердің ашық түсті киімдерінің қатарында алқызыл түсті киімдер де бар екен. Бұған дейін ерлер сәнінде көп қарастырылмай келген ашық түсті көк және ашық жасыл түстерге де мән беріліпті. Дизайнерлер классикалық үлгіде киінетін адамдардың да таңдауын назардан тыс қалдырмаған: сұр және ақ түс әрқашан да сәнде.
Алқызыл түс
Алқызыл түс пен оның әрқандай реңктері Tom Ford, Gucci, Richard James және басқа да коллекциялардан көрініс тапқан. Дизайнерлер бір ғана түсті киімдермен тоқтамай, өз коллекцияларына жұмсақ пастель түстері мен фуксия гүлі түсті алқызыл өңдерді енгізген. Көктем-жаз 2014 мезгіліндегі киімдердің көп бөлігі классикалық және спорттық үлгілердің қосындысы деуге де болады.
Tom Ford
Gucci
Richard James
Giorgio Armani
Burberry Prorsum
Christopher Raeburn
Paul Smith
Shaun Samson
Saint Laurent
Көк түс
Көк түс қараны алмастыра алады, ал аспан көк түстер ақ киімнің орнын баса алады. Түстердің мұндай әмбебаптығы көптеген дизайнерлердің коллекцияларынан көрінеді: Giorgio Armani, Richard James, Calvin Klein Collection, Christopher Raeburn, John Galliano, Gucci.
Giorgio Armani
Richard James
Calvin Klein Collection
Christopher Raeburn
John Galliano
Gucci
Жасыл түс
Жасыл түс пен оның әрқандай реңктері көктем мен жаздың ең сәнді түсі дейді дизайнерлер. Қанық реңкті көк тондар, сонымен қатар ашық жасыл өңдер Ralph Lauren, Burberry Prorsum, Raf Simons және Salvatore Ferragamo сән үйлерінің коллекцияларында көрінген.
Ralph Lauren
Burberry Prorsum
Raf Simons
Salvatore Ferragamo
Ақ түс
Классикалық үлгі болып саналатын ақ түс бұрынғысынша жаз мезгілінің, ыстық күннің белгісі болып қала бермек. Сәнқойлар бұл түстің басты трендін "Total white look" деп атап үлгеріпті. Ақ түсті үздік киімдерді Diesel Black Gold, Billy Reid, Dolce & Gabbana және Spencer Hart сияқты сән алыптарының дүкендерінен табуға болады.
Diesel Black Gold
Billy Reid
Dolce & Gabbana
Spencer Hart
Сұр түс
Сұр түсті кәстөмдер ескірмейтін классика. Сұр кәстөмдер биылғы көктем менің жаздың ең сәнді киімі болады дейді дизайнерлер. Бір ерекшелігі дизайнерлер оның тек ашық түсті реңктерін таңдапты.
Ал жылтыр киімдерді киетіндер үшін Tom Ford сән үйі ерекше сыйлық дайындады.
Tom Ford
Richard James
Emporio Armani
John Varvatos
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: menslife.com