- Негізгі бет
- Стиль
- Ерлер ескерер ерекше...
Ерлер ескерер ерекше 15 кеңес
Ер азамат бір үйдің тірегі, бір елдің тұтқасы. Ердің сымбатына киген киімі, жүріс-тұрысы, сөйлеген сөзі, істеген әрекеті сай болғаны абзал. Өзінің отбасы мен дос-жаранының, ағайын-туысының алдында ерлерге үлкен жауапкершілік жүктеледі. Нағыз ер азамат қандай болу керек деген сұраққа келесі кеңестеріміз жауап берсін:
Әзіл-қалжыңды түсіне білу. Нәзік жандылардың жүрегін жаулап алам десеңіз, осы қасиет бойыңыздан табылсын.
Күнделікті ерте тұру. Күнді ертерек бастасаңыз, атқаруға тиісті жұмыстарыңызды ерте аяқтайсыз.
Өзіңіз ұнататын сүйікті спорт түрімен шұғылдану. Сымбатыңызға дене бітіміңіз сай болсын.
Тарақ. Еркектің шашы үнемі тараулы болған дұрыс.
Күнделікті себетін жақсы иіссу. Иіссуыңыз арзан болмасын. Үстіңізден шығатын иіс те маңызды орында.
Ыңғайлы да ықшам сұр костюм.
Классикалық қара бәтіңкенің қос түрі.
Түрлі түсті галстук. Галстук ерлерді іскер ретінде көрсетеді.
Сапалы көк-сұр джинстің екі түрі.
Мақтадан тігілген ақ жағалы жейделердің бірнеше түрі. Мүмкіндігінше әр күні әр түрлі жейде киіңіз.
Әрдайым жаңа, таза шұлық. Мұны әр жарты жыл сайын жаңартып отыру керек.
Классикалық смокинг. Нағыз джентльмендер смокинг киеді.
Сәнді сағаттар. Қолыңыздағы сағатыңыз да сізді сымбатты ете түседі.
Әдемі көзілдірік. Әдетте, көзілдірік адамға жақсы әсер қалдырады.
Ғажап күлкі. Қыздар ерлердің күлкісіне де мән береді.