Дэвид Бекхэм жұбайы Виктория секілді жолын сән әлеміне бұрайын деді. Ол жігіттерге мінсіз көрінуге көмектесетін, өз-өзіне күтім жасауға арналған өнімдер шығарды. House 99 деген атауға ие болған бастама жай ғана коммерциялық жоба емес, нағыз ерлер қоғамдастығы іспетті. Ал, неліктен 99? Футболшының жанкүйерлері 1999 жыл Дэвид өмірінде аса маңызды орын алатынын жақсы біледі. Өйткені, сол жылы Манчестер Юнайтед командасы Англия Кубогы мен UEFA Чемпиондар Лигасын жеңіп алған еді. Оның үстіне атақты футболшы үйленіп, тұңғышы Бруклин дүниеге келген. House 99 бренді шаш үлгісі мен қазір трендке айналған сақал қою үрдісін жоғары деңгейде жасауға қол ұшын береді. Мен үшін ер адамға өз-өзін күту аса маңызды. Ол сіздің сырт келбетіңіздің соншалықты әсерлі болуымен шектелмейді. Ең бастысы, ішкі үйлесімділік пен сенімділікке бастайды, дейді Дэвид.Бекхэмнің өнімдері әлем бойынша 19 елге қолжетімді болады.