«Даудың басы – Дайрабайдың көк сиыры» деп атап кеткен Бейімбет Майлиннің шығармасындағы осы бір тақырып қазір қоғамда белгілі бір сөздік қорға енді. Сөздің орын тауып кетуі бір бөлек, қолдану аймағы да бір бөлек. Сонымен даудың бүгінгі басында тұрған кім? Джастин Трюдо.
Джастин Трюдо – Канада елінің прьемер-министрі. Тек үкімет басшысы ғана емес, ақылды әрі түрлі саладағы ілімдерін жетік меңгерген саясаткер. Ол өз елінің патриоты. Түрлі жиындарда, конференцияларда өзіне қойлыған кез келген сұраққа жауап тауып кетуге қауқарлы адам. Ол бірде пандалар туралы сөз қозғаса, бірде залда отырған тілшінің сұрағына мүдірместен жауап берген. Ол сұрақ кванттық компьютерлерге байланысты болғанын сіз білетін боларсыз. Одан қала берді Metrо пакеті арқылы саяхат жасау туралы да сөз қозғап, өз елінің хоккейшілерін АҚШ-тан мықты екенін Барак Обама кезінен бері айтып келеді. Міне бұл саясаткердің бір бойынан табылатын ерекше қасиеттер.
Жақында ғана Нью-Йорк қаласында өткен Бүкіл әлемдік «Bloomberg» бизнес-форумында Джастин Трюдо ерекше шұлық киіп келген. Айта кетейік, осының алдында ғана осы форумда Джек Ма болашақ туралы сөз қозғады деп ақпарат берген болатынбыз.