Жарыста футбол жаттықтырушылары неге екені белгісіз көбіне спорттық киім емес, керісінше классикалық киім үлгісін кигенді ұнатады екен. Біз әлемдегі ең сәнқой 10 футбол жаттықтырушысын назарларыңызға ұсынамыз.
10.Мануэль Пеллегрини
«Манчестер Сити», Манчестер, Англия
Пеллегрини классика кигенді жөн көреді. Классикадан басқасын сирек көресіз. Ал егер киген жағдайда, ол гольфте немесе жолдастық кездесуде жүр деген сөз. Бірінші кезекте оның киіміне чинос, поло және брог кіреді. Ал екінші кезекте спорттық киімдер мен толстовкалар тұрады.
9. Диего Пабло Симеоне
«Атлетико», Мадрид, Испания
Хосеп Гвардиола «Барселона» командасынан кеткен соң, "Испания лигасының ең сәнді жаттықтырушысы" атағы Диего Симеонеге көшті. Аргентиналықтың киіну мәнері Гвардиолаға қатты ұқсас. Мысалы, денеге жақсы жарасқан костюм, бір түсті галстук пен оксфорд. Симеон басқа жаттықтырушылардан гөрі сағатты аса жоғары талғаммен таңдайды.
8. Роберто Мартинес
«Эвертон», Ливерпуль, Англия
Эвертон клубының жаттықтырушысы сырт киімді ұқыппен таңдағанды ұнатады. Роберто Мартинес классикалық күрте мен пальтодан бөлек, екі жақты тренчті киіп, тәуекелге барады. Айтатын несі бар, барлығын тамаша үйлестіреді.
7. Роберто Манчини
«Интер», Милан, Италия
Роберто Манчинитиді "Италия футболындағы ең сәнді жаттықтырушы" деп айтса болады. Оның мойнындағы тағып жүрген орамалы өзіне жарасымды. Манчини өз ойыншыларына нұсқау беріп жатқанда және Милан қаласында серуенге шыққанда тамаша көрінеді.
6. Пол Тисдейл
«Эксетер Сити», Эксетер, Англия
Мальта тумасы спорт мансабында ауыз толтырып айтарлық жетістігі болмаса да, киім жағынан эксперт. БАҚ құралдарында оның үстіндегі пиджагы мен бас киімі көп талқыға түседі.
5. Йоахим Лёв
Германия құрамасы
Неміс машинасының жаттықтырушысы V-образды свитер киеді. Ең қызығы ол көйлектің жеңін жақсы түреді екен.
4. Жозе Моуринью
«Челси», Лондон, Англия
Заманауи футболдың ұйытқысы болып жүрген Жозе Моуринью – Хосеп Гвардиоланың негізгі қарсыласы. Киім таңдауда ол бейресми үлгідегі киімдерді жөн санайды. Көбіне оның үстінен Porsche Design Sport by adidas киімдерін көруге болады.
3. Чезаре Пранделли
Уақытша жұмыссыз
Чезаре Пранделлидің гардеробында кашемир свитері, көк пиджак және ши барқыт шалбары бар. Бірақ италиялық Nike винтажын көк костюммен киіп, жұртты таңқалдырып жатады.
2. Андре Виллаш-Боаш
«Зенит», Санкт-Петербург, Ресей
Андре Виллаш-Боаш Англиядағы жұмыс мансабында әртүрлі тренч пен палто киімін киіп, халық ілтипатын алған. Ал Ресей еліне келген соң, бір нәрсе жақпады ма, кеннеттен спорттық костюмге ауысты. Бірақ барлығы Андре Виллаш-Боаштың қалай киінетін біледі. Сол себептен жанкүйерлер жаттықтырушының бұл үрдісін жалғастыратынына нық сенімді.
1. Хосеп Гвардиола
«Бавария», Мюнхен, Германия
Хосеп Гвардиоланың талғамы өте жоғары. Оның үстіндегі костюмі, жіңішке галстугы және оксфорды тиянақты таңдалған. Одан басқа ауа-райына байланысты жұқа свитер мен кардиган киеді. Гвардиола футбол матчтерінде ғана сымбатты болып көрінбейді. Ол күнделікті өмірде де сәнді киініп жүреді.
Ұқсас жазба:
Бас киім жайлы бірер сөз
Дені сау жігіттің тамақтану әдебі қандай?