Әлем ерлерінің арманына айналған қолсағаттар

Қолсағат ер адамның айнасы іспетті. Қолыңдағы сағатыңа қарап-ақ кім екеніңді бағамдай беретін заманда өмір сүріп жатқандықтан, біз (жігіттер) жайындағы алғашқы ақпаратты беруші де осы қолсағаттар болмақ. Ендеше бүгін әлем бойынша, әртүрлі алаңда алдыңғы қатарда тұрған ерлерге арналған дара қолсағаттардың тізімімен таныс болыңыздар.

Ең қымбат сағаттар

Grande Complication қалта сағаты 1930 жылы Patek Philippe компаниясында америкалық банк қызметкері Генри Грейвс үшін арнайы жасалған екен. 2014 жылы ұйымдастырылған Sotheby’s бәссаудасында 24 миллион АҚШ долларына бір азамат жасырын атпен сатып алыпты. Әлемдегі ең қымбат сағат аталуының себебі де – осы.

A. Lange & Sohne Lange Grand Complication – қазіргі таңда да өндіріс ошағынан кетпеген, сериялы түрде өндірілген ең қымбат қолсағат. Шексіз күнтізбе және Ай фазасымен ерекшеленетін бұл сағатқа үлкен және кіші минуттық репетир, сплит-секундтық хронограф пен минуттық есептегіш орнатылған. 20 таралыммен шығарылған бұл қолсағаттың бағасы – 1 920 000 еуро.

Әлі күнге дейін өндірілетін ең ескі сағат

Santos de Cartier – ерлерге арналып алғаш өндірілген қолсағаттардың бірі. 1904 жылы Луи Картье өзінің жан досы, Бразилия авиациясының ұланы Сантос-Дюмона Альбертоға арнап құрастырған. Міне, содан бері 111 жыл өтсе де, достық сезімнің бойтұмарына айналған бұл қолсағат әлі күнге дейін өндірілуде. 

Ең жұқа механикалық қолсағат

Piaget Altiplano 38 mm 900P – әлемдегі ең жұқа механикалық қолсағат. Құрастырушылардың асқан айлакерлігінің арқасында сағат биіктігі 3,65 миллиметрге қысқартылған. 


Ең үлкен қолсағат

Zenith Pilot Type 20 Grand Feu  қолсағаты диаметрі 60 миллиметрлік жасанды мөлдір сапфирден жасалынған. Сағат механизмі атақты Zenith 5011К қалта сағатының механизмінің үлгісінде құрастырылған. Сондай-ақ, бұл – ең шыдамды авиация сағаты.


Cурет: сhto-kupit.su, s-media-cache-ak0.pinimg.com, cdn1.chic-time.com, passionmontres.com, jewels-stock.com