Немістің спорттық киімдерді шығарумен айналысатын Adidas компаниясы ғарышкерлердің киіну үлгісіне ұқсайтын аяқ киім шығарады. Кроссовкілер Response Trail Robot және Ozweego Robot атты екі нұсқамен шығып, NASA ғарышкерлерінің киімбелгілерімен көмкерілмек.
Collectspace басылымының жазуынша, кроссовкілер Apollo скафандрлерінің атрибуттарына өте жақын екен.
Жаңа аяқ киімнің дизайнын Christian Dior сән үйінің арт-директоры бельгиялық Раф Симонс жасаған. Кроссовкілер Raf Simons x [by] adidas Originals күз-қыс 2015-16 топтамасымен шығатын болады.
Ғарышкер стиліндегі кроссовкілер сатылымға ағымдағы жылдың шілде айында шығарылмақ. Ресми ақпаратқа сәйкес, Adidas компаниясының бұл өнімі 455-730 АҚШ доллары көлемінде тұратын болады.
Сурет: 24hitech.ru
Оқи отырыңыз:
Екі минутта галстук байлау тәсілі (Видео)
Джинсы туралы қызықты деректер
Пенжак шынтағындағы жамаудың тарихы
Күз-қыс 2014-2015. Ерлердің сырт киімі