2018 жылдың ең келбетті жігіттерінің қатарына кірген 100 адамның тізімі жарияланды. Олардың қатарында отандасымыз Димаш Құдайберген де бар. 2017 жылы Димаш бұл аталымда 76-орында тұрған еді, биыл 90-орынға жайғасыпты. Әншілік өнерімен әлем халқының алдында өнер көрсетіп жүрген Димаш Құдайберген жуырда ғана «Жыл әншісі» және «Ұлы Жібек Жолының мәдени елшісі» атанды.
TC Candler ойын-сауық сайты 1990 жылдан бері жыл сайын әр жылдың ең келбетті тұлғаларының тізімін жариялайды. 28 желтоқсан күні шыққан биылғы тізімнің тұғырында америкалық актер Джейсон Момоа («Тақтар ойыны» фильмі) тұр. Ал екінші орынға оңтүстіккореялықтар әнші Чон Джонгук жайғасқан. Үздік үштікте тағы бір америкалық актер Идрис Эльба тұр.
Әйгілі футболшы Дэвид Бэкхем 13-орында, түркиялық актер Чагатай Улусой 23-орында тұр. 50 орынды британиялық актер Джейми Дорнан иеленсе, 57-орын «Тақтар ойынының» тағы бір жұлдызы Кит Харрингтонға бұйырды. Футбол жұлдыздары да бұл тізімнен көрінді. Биыл Ресейде өткен Әлем чемпионатында чемпион атанған франциялық Антуан Гризман 61-орыннан көрінді. Әйгілі Криштиану Роналду 72, ал Лионель Месси 98-орынға тұрақтаған. Әлемнің ең келбетті жігіттерінің соңғы 100-орынында танымал актер Леонардо ди Каприо тұр.
Барлық 100 адамның тізімін төмендегі видеодан көре аласыз.