Сән әлемі белгілі бір уақыт сайын өзгеріп отырады. Ал адамдар уақыт талабына сай киінеді. Сәннен қалмай, жарасымды киінуді әдетке айналдырған жандардың бірі — 104 жастағы Гюнтер Краббенофт (Günther Krabbenhöft). Кей мәліметте бұл қарттың жасы 104 деп көрсетілген.
Гюнтер Краббенофт: "Мен үнемі сәндегі киімдерді киемін. Тәуір киінетін сияқтымын. Сыртқы келбетіме қарап, өзімді бақытты сезінгім келеді. Мұның барлығы - менің ішкі жан дүниемнің айнасы", — деп онлайн берген сұхбатында айтты. Қария әлеуметтік желілерде жасының 104 деп көрсетіліп жүргенін білген кезде қатты күлген екен.