- Негізгі бет
- Стиль
- 1 курс студентіне:...
1 курс студентіне: Студент жігіт қалай киінуі керек?
Міне, кешегі түлек бірнеше күннен соң жоғары оқу орны табалдырығын аттап, өмірдің жаңа кезеңіне өтеді. Мүлде басқа форматтағы зәулім ғимаратқа қандай киіммен бару керек? Бұл тек қыздар қауымының мәселесі емес. Жігіттер де өз имиджі жайлы ұмытпауы керек.
Ең алдымен дресс-код ережелерін еске түсірейік. Жоғары оқу орнына шолақ шалбар (шорты), шәркей, сандал киіп баруға болмайды.
Қазіргі сән талаптарын ескеретін болсақ, жігіттерге смарт кэжуал, стрит стайл образдары жарасымды.
Базалық гардеробқа қандай киімдер кіруі керек?
- ақ, көк не қара тенниска (жағасы бар футболка);
- материалы жақсы шалбар (chinos шалбарын таңдауға болады);
- қара не көк қара түсті джинс шалбары;
- мокасин;
- кроссовка;
- былғарыдан жасалған бауы бар бәтеңке;
- ақ, көгілдір, жолақ жейде;
- костюм;
- былғары күрте;
- жылы жемпір не кофта.
Бұл киімнің сізді байсалды, салмақты етіп көрсететіні сөзсіз. Мокасинді шұлықсыз киген жөн. Жейденің астынан ішкөйлектің көрінбегені дұрыс. Шалбарды тым бос не тым тар етіп алмаңыз.
Стрит стайл образына джинс жакеті, футболка, джинс шалбарын жатқызамыз:
Кэжуал не смарт кэжуал стиліндегі образ:
Ал сіздің ойыңызша студент образы қандай болуы керек?
Ф. Абилова