Зинедин Зидан аңыз футболшыны Франция құрамасына қайта қоспақ

Зинедин Зидан аңыз футболшыны Франция құрамасына қайта қоспақ
Фото: depositphotos.com

Франция құрамасының бас бапкерлігіне басты үміткер Зинедин Зидан ұлттық құраманың бапкерлік штабын жасақтауға кірісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

L’Equipe басылымының мәліметінше, қазіргі бас бапкер Дидье Дешам 2026 жылғы әлем чемпионаты аяқталғаннан кейін қызметінен кетуі мүмкін. Оның орнына басты үміткер ретінде Зинедин Зидан қарастырылып отыр.

Дереккөзге сүйенсек, Зинедин Зидан өз штабына Франция құрамасының экс-қақпашысы Фабьен Бартезді қосуды көздеп отыр. Осылайша ол  қақпашылар бапкері қызметін атқаруы мүмкін.

Айта кетейік, Фабьен Бартез үшін ұлттық құрамадағы жұмыс жаңалық емес. Ол 2010 жылы Франция құрамасының бапкерлік штабында қызмет етіп, қақпашыларды дайындауға жауапты болған.

Фабьен Бартез кәсіби мансабында "Тулуза", "Марсель", "Монако", "Манчестер Юнайтед" және "Нант" клубтарының намысын қорғаған.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget