Зидан ПСЖ бапкері болудан бас тартты – БАҚ

Зидан ПСЖ бапкері болудан бас тартты – БАҚ
Фото: Global Look Press

Француз бапкері Зинедин Зидан "Пари Сен-Жерменді" жаттықтырудан бас тартты, деп хабарлайды журналист Ромен Молина. Бұл туралы Life жазды.

Басылымның жазуынша, апта басында Зидан клуб басшылығымен кездесу өткізген, бірақ париждіктердің ұсынысынан бас тартқан. Соған қарамастан, клуб келесі маусымда ПСЖ-ның бапкері Зидан болады деп үміттенуде.

Зидан бапкерлік мансабын "Реал Мадридте" бастады. Корольдік клубпен ол екі рет Испания чемпионатын және қатарынан үш рет Чемпиондар лигасын ұтты.

Айта кетейік, бұған дейін Зинедин Зидан француздың "Пари Сен-Жермен" футбол клубының басшылығымен команданы жаттықтыру бойынша келісімге келгені хабарланған болатын.

Т. Раушанұлы