Зидан Мбаппеге қатысты шешім қабылдады

Франция құрамасының болашақ бас бапкері Зинедин Зидан ұлттық команданың капитаны әрі мадридтік "Реалдың" шабуылшысы Килиан Мбаппені өзінің жаңа жобасындағы негізгі тұлғаға айналдыруды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап. 

L'Équipe мәліметінше, қызметіне кіріскеннен кейін Зиданның алғашқы міндеттерінің бірі Франция құрамасының көшбасшысы Килиан Мбаппемен қарым-қатынасты одан әрі нығайту болмақ.

Франциялық маман "Реалдың" шабуылшысын болашақ командасының басты жұлдызы әрі ойын жүйесінің негізгі тірегі етуді қарастырып отыр.

Дереккөзге сүйенсек, Мбаппе Зидан Франция құрамасының бас бапкері болатынын бұл ақпарат БАҚ-та жарияланардан бірнеше ай бұрын-ақ білген.

Сондай-ақ, "Реалдың" бұрынғы бапкері мен Мбаппенің арасында бірнеше жылдан бері қалыптасқан сенімді қарым-қатынас бар.

Айта кетейік, Зинедин Зидан 2021 жылдан бері бапкерлік қызмет атқарған жоқ. Ол мадридтік "Реалды" екі кезеңде жаттықтырып, осы уақыт ішінде 11 трофей жеңіп алды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!