Зидан аңызға айналған ойыншыны Франция құрамасына қайтарды

Франция футболының аңызы Фабьен Бартез ұлттық құраманың жаттықтырушылар штабына қосылды. 55 жастағы маман қақпашылардың бапкері болып тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Фабьен Бартез құрамаға тағайындалғаны туралы ақпарат Франция футбол федерациясының ресми сайтында жарияланды.

Бұған дейін Франция құрамасының бас бапкері болып Зинедин Зидан тағайындалып, ол Бартездің ұлттық құрамаға оралуын қолдаған.

Фабьен Бартезден бөлек жаттықтырушылар құрамына Давид Беттони, Хамиду Мсаиди, Грегори Дюпон, Стефан Планк, Фарид Табет және Клеман Ибер кірді.

Айта кетейік, Фабьен Бартез Франция құрамасында алғаш рет жұмыс істеп  тұрған жоқ. Ол 2010 жылы ұлттық құраманың жаттықтырушылар штабына кіріп, ол кезде де қақпашылардың дайындығына жауап берген. Енді аты аңызға айналған қақпашы елдің басты командасымен қайта жұмыс істеуге мүмкіндік алды.

Фабьен Бартез - Францияның ең атақты футболшыларының бірі. Ол ұлттық құрама сапында 1998 жылғы әлем чемпионатын, 2000 жылғы Еуропа чемпионатын және Конфедерация кубогын жеңіп алған. Франция құрамасы сапында 87 матч өткізген.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!