ПСЖ Чемпиондар лигасы топтық кезеңіндегі голдар саны бойынша рекорд жаңартты

О Сансызбай Корреспондент
ПСЖ Чемпиондар лигасы топтық кезеңіндегі голдар саны бойынша рекорд жаңартты
Фото ©️ mobilan

Париждің ПСЖ футбол клубы Чемпиондар лигасы топтық кезеңінде голдар саны бойынша рекорд жаңартты. Унай Эмери жаттықтыратын команда топтағы бес ойында 24 гол соқты.

БӨЛІСУ

ПСЖ IV турдан кейін-ақ Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алған болатын. Ал түнде Шотландияның "Селтик" командасын 7:1 есебімен сан соқтырды. Нәтижесінде дүбірлі доп додасы тарихында топтық кезеңде ең көп гол соққан команда ретінде рекорд жаңартып отыр. Париждік команданың бұл рекордын жаңарта түсуіне әлі де бір мүмкіндік бар. Олар соңғы турда Мюнхенде "Бавариямен" кездеседі. Неміс ұжымы да плей-оффқа шығып үлгерді. Осыған дейінгі топтық кезеңдегі голдар саны бойынша рекорд Дортмундтың "Боруссия" клубына тиесілі еді. Олар 2016/2017 жылғы маусымда 21 гол соққан. 

V тур қорытындысы бойынша "Барселона" футбол клубы плей-оффқа шықты. Осыған дейін ПСЖ мен "Бавариядан" өзге "Тоттенхэм", "Манчестер Сити""Реал Мадрид" пен "Бешикташ" шыққан еді.

"А" тобы

"Базель" (Швейцария) - "Манчестер Юнайтед" (Англия) – 1:0

Гол: Михаэль Ланг, 89

ЦСКА (Ресей) – "Бенфика" (Португалия) – 2:0

Голдар: Георгий Щенников, 13, Нивалдо Жардел, 56 (автогол)

Турнир кестесі: "Манчестер Юнайтед" - 12 ұпай, "Базель" - 9, ЦСКА – 9, "Бенфика" - 0.

B тобы

ПСЖ (Франция) - "Селтик" (Шотландия) – 7:1

Голдар: Неймар, 9, 22, Эдинсон Кавани, 28, 79, Килиан Мбаппе, 35, Марко Верратти, 75, Дани Алвес, 80 - Мусса Дембеле, 1

"Андерлехт" (Бельгия) - "Бавария" (Германия) – 1:2

Голдар: Софиан Ханни, 63 – Роберт Левандовски, 51, Корентен Толиссо, 77

Турнир кестесі: ПСЖ – 15, "Бавария" - 12, "Селтик" - 3, "Андерлехт" - 0.

"C" тобы

"Атлетико" (Испания) - "Рома" (Италия) – 2:0

Голдар: Антуан Гризманн, 69, Кевин Гамейро, 85

Алаңнан қуылды– Бруно Перес, 83 («Рома»)

"Карабах" (Әзірбайжан) – "Челси" (Англия) – 0:4

Голдар: Эден Азар, 21 (пен), Виллиан, 36, 85, Сеск Фабрегас, 73 (пен)

Алаңнан қуылды– Рашад Садыхов, 19 («Карабах»)

Турнир кестесі"Челси" - 10, "Рома" - 8, "Атлетико" - 6, "Карабах" - 2.

"D" тобы

"Ювентус" (Италия) - "Барселона" (Испания) – 0:0

"Спортинг" (Португалия) - "Олимпиакос" (Грекия) – 3:1

Голдар: Бас Дост, 40, 66, Бруно Сезар, 43 - Оджиджа-Офоэ, 86

Турнир кестесі: "Барселона" - 11, "Ювентус" - 8, "Спортинг" - 7, "Олимпиакос" - 1.