Иван Дычко да Олимпиадаға іріктеу турнирінде топ жарды

О Сансызбай Корреспондент
Иван Дычко да Олимпиадаға іріктеу турнирінде топ жарды
Фото ©️ vk.com

Бокстан Қытайдың Цяньань қаласында өтіп жатқан Олимпиадаға іріктеу турнирі мәресіне жетті. Ел құрамасы сапында ең соңғы болып шаршы алаңға шыққан аса ауыр салмақтағы отандасымыз Иван Дычко жарыс жеңімпазы атанды.

БӨЛІСУ

91 келіден жоғары салмақта бақ сынайтын Иван Дычко финалда өзбек боксшысы Баходир Джалоловты 3:0 (29:28, 30:27, 30:27) есебімен айқын жеңді.

Цяньаньдағы турнирде ең көп Олимпиада жолдамасын Қазақстан құрамасы жеңіп алды. Жеті жолдамаға ие болған отандастарымыз Рио Олимпиадасының ерлер арасындағы сынына толық құрамда қатысады. Ал қыздар арасында бір жолдама бар. Оны боксшы қыз Дариға Шакимова жеңіп алды.

Жүлделер саны бойынша Қазақстан құрамасы 3 алтын2 күміс2 қолаға ие болды.