Әділбек Ниязымбетов өзбек боксшысынан жеңіліп қалды

О Сансызбай Корреспондент
Әділбек Ниязымбетов өзбек боксшысынан жеңіліп қалды
Фото ©️ vk.com

81 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Әділбек Ниязымбетов Қытайдың Цяньань қаласында өтіп жатқан Олимпиадаға іріктеу турнирінің финалында өзбек боксшысы Эльшод Расуловқа есе жіберді.

БӨЛІСУ

Бірінші раундта Әділбек қарсыласын жеңіп шыққан болатын. Екінші раундта өзбек боксшысының мысы басым болды. Үшінші раунд басында отандасымыз төрешілер тарапынан ескерту алып, жекпе-жекті жеңіліспен аяқтады.

Айта кетейік, Әділбек Ниязымбетов жартылай финалда түрікмен боксшысы Азиз Ачиловты жеңіп, Олимпиада жолдамасын жеңіп алған болатын.