Роналду мансабын аяқтаған соң кім болмақ?

О Сансызбай Корреспондент
Роналду мансабын аяқтаған соң кім болмақ?
Фото ©️ peopletalk.ru

Әйгілі футболшы Криштиану Роналду спорттық мансабын аяқтағаннан кейін біржола сән әлеміне мойнын бұрмақ. Бұл туралы спортшы батыстық басылымдардың біріне берген сұқбатында айта кетті.

БӨЛІСУ

- Маған сән әлемінде жүрген ұнайды. Ылғи соңғы сән үлгісімен киініп, көрікті болып жүргенге не жетсін. Тіпті, шаштың өзі сәндесең ғана жарасады.

Өзімнің жеке брендім барына қуанамын. Бұл – өте керемет, жеке брендім өзіме ұнайды. Оны одан ары дамытқым келеді. Спорттық мансабымды аяқтағаннан кейін осы сән әлеміне біржола келемін деп ойлаймын, - деді.

Айта кетейік, Роналду мен мадридтік «Реал» арасындағы келісімшарт мерзімі 2018 жылы аяқталады. Ал футболшының өзі  әлі 5-6 жыл футбол ойнауға шамасы жететінін осыған дейінгі сұқбаттарының бірінде айта кеткен болатын.