«Ақжайық» жаңа маусымдағы танымбелгісін таңдады

О Сансызбай Корреспондент
«Ақжайық» жаңа маусымдағы танымбелгісін таңдады

Футболдан бірінші лигада өнер көрсететін Оралдың «Ақжайық» футбол клубы жаңа маусым алдында клуб танымбелгісіне (эмблема) байқау жариялаған болатын. Бүгін футбол ұжымы ресми сайтында байқау қорытындысында таңдалған танымбелгіні таныстырды.

БӨЛІСУ

«Ақжайық» клубының ресми сайты таратқан ақпарат бойынша, байқауға 50-ден астам жұмыс түскен. Кәсіби дизайнерлер жасаған 30-ы ғана негізгі таңдауға түскен. Заманауи үлгіде, әдемі, және бастысы – облыс тынысына сәйкес келуі тиіс жұмыстардың ішінен жаңа маусымдағы клубтың танымбелгісі таңдалды.

Жаңа танымбелгіде клубтың қою қызыл түсі сақталған. Ал екінші түс көкке алмастырылған. Сонымен қатар, доп пен клуб атауы жазылған. Ал шауып бара жатқан аттың суреті – Орал қаласының басты рәмізі саналады. «Орал» мен клубтың қашан құрылғанын айғақтайтын «1968» жазулары да назардан тыс қалмаған. 

Сурет: fc-akzhayik.kz

Оқи отырыңыз

«Қайрат» пен «Астана» ел чемпионатын жеңіспен бастады (видео)

«Астана - Cуперкубок иегері! (видео)

Қазақстан құрамасының ФИФА рейтингіндегі нәтижесі өзгермеді

Футболдан ел премьер-лигасының 2015 жылғы күнтізбесі жарияланды