Дамир Рыспаев тағы төбелесті (видео)

О Сансызбай Корреспондент
Дамир Рыспаев тағы төбелесті (видео)

Құрлықтық хоккей лигасында бақ сынайтын астаналық «Барыс» өз алаңында «Сібірді» қабылдап, жеңіске жетті. Ал команданың жас тафгайы Дамир Рыспаев екінші минутта-ақ қарсылас команданың хоккейшісімен төбелесе кетті.

БӨЛІСУ

Ойын 19 жастағы қазақстандық хоккейші мен «Сібір» қорғаушысы Виталий Меньшиков арасындағы төбелеспен басталды. Нәтижесінде екі ойыншы 5 минутқа ойыннан шеттетілді. Ал Андрей Назаров командасына жеңіс сыйлаған жалғыз шайбаны үшінші кезең соңында Кевин Даллмэн соқты.

«Барыс» топтағы соңғы кездесуін де өз алаңында өткізеді. 24 ақпан күні нижегородтық «Торпедоны» қабылдайды. Ал плей-офф кезеңінде омскілік «Авангардпен» кездесетін болды.

Сурет: vesti.kz

Оқи отырыңыз

«Барыс» құрлықтық хоккей лигасының плей-офф кезеңіне өтті

2015 жылы хоккейден өтетін әлем чемпионатының медальдары таныстырылды

Денис Тен төрт құрлықтың чемпионатында көш бастады (видео)