2015 жылы хоккейден өтетін әлем чемпионатының медальдары таныстырылды

2015 жылы хоккейден өтетін әлем чемпионатының медальдары таныстырылды

2015 жылы шайбалы хоккейден Чехияда өтетін әлем чемпионатының медальдары таныстырылды. Бұл туралы Халықаралық хоккей федерациясының ресми сайты хабарлап отыр.

Әлем чемпионатының ұйымдастырушылары медальдардың дизайнына баса мән берген. Өзге жарыстардың жүлделеріне қарағанда өзгеше жасауды ұйғара келе, суретші Ольдрих Сладектің ұсынған жобасын мақұлдапты. Суретші ұсынған дизаин бойынша, медаль сақина пішінде жасалып, ортасына қырлы хрусталь орналастырылған. Медальдардың алтын, күміс және қола болуын түстері ажыратады. Сонымен қатар, медальдар жиегіне «2015 IIHF Ice Hockey World Championchip» деген жазу жазылған. Оған қоса Яблонец-над-Нисоу қаласында өндірілетін хрустальдарға чехтардың ұлттық нақышындағы элементтерді бейнелеуді де ұмытпаған. Диаметрі – 77 милиметр, ал салмағы 306 граммды құрайды екен.

Айта кетейік, шайбалы хоккейден 79-шы әлем чемпионаты 1-17 мамыр аралығында Чехияның Прага және Острова қалаларында байрағын желбірететін болады. Ал Қазақстан құрамасы бақ сынайтын бірінші дивизон командалары арасындағы жарыс Польшаның Краков қаласында өтеді.

Сурет: iihfworlds2015.com

Оқи отырыңыз

Олимпиада ойындарындағы медальдар қандай болған?

Ө. Сансызбай