"Бешикташ" португалдық Фернанду Сантушты бас бапкер қызметінен босатты. Бұл жағдай клуб Түркия Суперлигасының 32-ші турында өз алаңындағы матчта "Самсунспормен" (1:1) тең ойнағаннан кейін орын алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
"Фернандо Сантушпен жолдарымыз қосылды. Оған атқарған жұмысы үшін алғыс айтамыз және алдағы өмірінде сәттілік тілейміз.
Сердар Топрактепе команданы маусымның соңына дейін жаттықтыратын болады", - делінген Стамбул клубының мәлімдемесінде.
Бұл биылғы маусымда "Бешикташтан" кеткен төртінші жаттықтырушы. Бұған дейін Шенол Гүнеш, Бурак Йылмаз және Рыза Чалымбай жұмыстан босатылған болатын.
Қазақстандық футболшы Бахтиёр Зайнутдинов өнер көрсететін "Бешикташ" футбол клубы 32 кездесуде 48 ұпай жинап, турнир кестесінде төртінші орында тұр. Стамбул командасы чемпионаттағы келесі ойынын өз алаңында 19 сәуірде Анкарагюджуге қарсы өткізеді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз