Зарина Дияс Майамиде Серена Уильямспен ойнайды

Зарина Дияс Майамиде Серена Уильямспен ойнайды
Фото: massaget.kz

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Майамиде өтіп жатқан «Miami Open» халықаралық турнирінің үшінші кезеңіне шықты. Отандасымыз екінші кезеңде әлемнің 34-ракеткасы австралиялық Дарья Гаврилованы ұтты.

Зарина мен Дарья арасындағы ойын 1 сағат 52 минутқа созылды. Екі сетте 7:5 және 6:3 есебімен жеңіске жеткен отандасымыз үшінші кезеңге өтті. Енді бұл кезеңде Зарина әлемнің бірінші ракеткасы Серена Уильямспен кездеседі. Екі теннисші бір жыл бұрын Индиан-Уэллсте кездесіп, америкалық теннисші айқын басымдықпен жеңіске жеткен еді.

Айта кетейік, Майамидегі турнирдің жүлде қоры 6,1 миллион долларды құрайды.

Ерлер арасындағы бәсекеде Михаил Кукушкин екінші кезеңге шықты. 

О. Сансызбай
Logotype Massaget