Теннистен Қазақстан құрамасының өкілі Зарина Дияс Жапонияның Такасаки қаласында өтіп жатқан турнирдің 1/8 финалында жеңіске жетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Отандасымыз Оңтүстік Корея спортшысы Со Хён Пакты екі сетте де ұтты. Кездесу 6:4, 7:6 есебімен аяқталды.
Ширек финалда Зарина Дияс жапониялық Химено Сакацумемен кездеседі.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова