Қазақстанның үшінші ракеткасы Зарина Диас Испанияның Таусте қаласында өткен ITF W35 сериялы турнирінің чемпионы атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі
Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, финалда Зарина (WTA рейтингінде 275-орында) Италия өкілі Дилетта Черубиниді (WTA 446) жеңді – 6:1, 6:7 (4:7), 6:1.
Бұл Заринаның ITF турнирлері аясындағы карьерасындағы 12-ші титулы. Сондай-ақ, ол WTA 250 деңгейінде де бір трофейге ие.
Бұған дейін қазақстандық теннисші Александр Бублик Карен Хачановты жеңіп, ATP 500 сериялы беделді турнирдің финалына шыққан болатын.
Ал Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина Берлинде өткен турнирде әлемнің бірінші ракеткасына жол берді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Бөлек