Қазақстандық теннисші Зарина Дияс жарақатына байланысты екі жылдық үзілістен кейін Жапониядағы турнирлерде өнер көрсетеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Зарина W50 Kashiwa Open турниріне қатысады. Жарыс 1-7 сәуір аралығында өтеді.
Ол содан кейін 12-13 сәуір күндері Билли Жин Кинг кубогының іріктеу кезеңінде Қазақстан атынан өнер көрсетеді.
Еске салайық, Зарина Диястың карьерасындағы ең үлкен жетістігі – әлемдік рейтингідегі 31-орын дәл осы Жапониямен байланысты. 2017 жылы қазақстандық теннисші осы елде өткен WTA турнирінің жеңімпазы атанды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!